Текст
Степногорск қаласының мемлекеттік мұрағатында 20-дан астам мектеп, балабақша және мектептен тыс мекемелердің іс жүргізушілерінің қатысуымен білім беру мекемелерінің іс жүргізушілеріне арналған оқыту семинары өтті.
Мемлекеттік мұрағаттың директоры М. У. Нұржанова мекеменің істер номенклатурасын жасау және құжаттардың ғылыми-техникалық сараптамасы бойынша түсініктеме берді. Сонымен қатар мұрағатқа құжаттарды өңдеу бойынша практикалық сабақ өткізілді.