Текст
17.11.2025
2025 жылдың 13 қарашасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығында негізінде конкурс отырысы болды. Комиссия мүшелері өтінім берген «Ақниет» жеке меншік балабақшасына барып, жұмыс барысымен танысты.